

Кітапта филология ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, баспагер және белгілі алаштанушы Ғарифолла Әнестің 1990-2024 жж. аралығында «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» т.б. газеттер мен ғылыми журналдарда мемлекеттік тілдің күрмеулі мәселелеріне арнап жазған мақалалары топтастырылды. Белгілі тілші-ғалымдардың қазаларына арнап жазылған, олардың ғылымдағы орны мен еңбектері талданған, ғылыми жолдары сараланған шағын хабарламалар жинастырылды. Сондай-ақ танымал баспагерлер, ақындар мен қайраткерлердің тұлғасын ашқан мақалалары мен «Ана тілі» газетінде бөлім меңгерушісі болған кездердегі тілге қатысты аса өзекті сауалдарға дайындаған жауаптары, сұхбаттары қамтылды.
Кітап қазақ сөзін сүйетін, бағалайтын, қазақ тіліне сүйіспеншілігі зор оқырмандарға, зерттеушілерге арналған.
APA, 7-басылым - мақала немесе кітаптағы әдебиеттер тізіміне
Әнес, Ғ. (2025). Мемлекеттік тіл және тілші-ғалымдар. Тұлғалар: Мақалалар жинағы. «Қазақ тілі» баспасы. https://arysbaspasy.kz/kk/book/memlekettik-til-zhane-tilshi-galymdar-garifolla-anes