
Лексика-семантикалық, грамматикалық тәсілдер қызметі және сөздік қоры. Монография
316 бет, ≈ 10 сағ 30 мин

Шәкәрім – жазба әдебиет өкілі. Шәкәрім заманында газет, журналдар жарық көріп, ақынның өзі де кітаптарын шығарды, сондықтан оның қазақ жазба әдеби тілі стильдерін жетілдіру жолындағы қызметін зерттеу өрістеуге тиісті. Кітаптағы Шәкәрім туралы жазылған және оның өз қаламынан туған жазбалар мәліметтер қорын толықтыру үшін «Қазақ» (1913-1918) газетінен жинастырылды, кеңестік кезеңдегі Шәкәрім жөніндегі пікір-көзқарастарға орын берілді. Монографияда Шәкәрімнің тілдік тұлғасын толығырақ тану үшін мәтіндердегі көркемдеуіштер, әсіресе ақын қолданған метафоралардың тілдік аспектісі қарастырылды. Кітап соңында метафоралар сөздігі ұсынылды.
Монография тіл тарихының Алаш кезеңін зерттеушілерге, әдеби тіл тарихын жаңаша пайымдауды көздейтін ізденушілерге, ғылыми қауымға, филология факультеті студенттеріне арналады.
APA, 7-басылым - мақала немесе кітаптағы әдебиеттер тізіміне
Момынова, Б. (2026). Шәкәрім мәтіндерінің көркем кеңістігі: Лексика-семантикалық, грамматикалық тәсілдер қызметі және сөздік қоры. Монография. «Қазақ тілі» баспасы. https://arysbaspasy.kz/kk/book/shakarim-matinderinin-korkem-kenistigi-bagdan-momynova