

Белгілі ақынның бұл кітабында да ұлтымыздың ұлы құндылығы – Тәуелсіздік бас тақырыбы. Еркіндікпен келген еңсе көтерерлік жаңаруларға елжірей қуанып, сендер де қуаныңдар, бірге қуанайық, бағалай білейік, дейді ақын жүрегі. Әрине, басымызға қонаған бақыттың қадірін түсіретін түрлі тоғышарлық жайттарды да ақындық көзқараспен көптің санасына тоқуды өз борышы сезінеді.
Ақын атаулы нәзік жанды халық, сондықтан да ол өмірде күн сайын кезігіп жататын тіршілік түйткілдеріне де қалай-солай қарай алмай жұртшылықпен жыр тілінде ой бөліседі. Көпті көрген, өмірден түйгені мол, өлең өлкесінде өзін әбден шыңдаған сыршыл ақын күні ауып бара жатқан шағының күйініш-сүйініштеріне, өкініш һәм қуаныштарына да сезімін селдете ақ жауын жырын себелейді.
Дастандары, балладалары өмірдің өзінен алынған, сыршыл, оқырман ойын үйіріп әкетердей қуатты. Лайықты жандардың есімі арнаулармен ұлығланса, ән мәтіндері де жүрек үнімен өз үйлесімін тапқан. Ақынның бұл кезекті жинағы қалың көпшілікке арналып, ғұмыр-дария бойынан өз сырын шертеді, өз көңіл-күйін жырлайды.
APA, 7-е издание - для списка литературы в статье или книге
Дәрелұлы, Т. (2025). Сөйле, ғұмыр-дариям! Өлеңдер, дастандар, балладалар. «Арыс» баспасы. https://arysbaspasy.kz/ru/book/soyle-gumyr-dariyam-tanatar-dareluly